Сапа менеджменті жүйесі

Сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) жасау және енгізу жөніндегі қағидаттар:

- серіктестік қызметін өз жеткізушілері мен тұтынушылары, қызмет түрлері мүмкіндіктеріне талдау мен өлшеу жүргізуге қажетті өзінің бағалау критерийі бар өзара байланысты үдерістер жиынтығы ретінде басқару;

- ақпаратпен және талдаумен қамтамасыз етілген басқарушылық шешімдер қабылдау;

- қажетті нәтижелер алуға қол жеткізерлік әрекеттер, нақты орындаулар алгоритмін құру;

- қызметкер уәждемесі мен қызығушылығы, өнімді, үдерістер мен жүйені үнемі жақсартып отыруды әр қызметкердің міндетіне айналдыру.

«KazakhstanSolarSilicon» ЖШС басшылығы өз ұстанымдарын басшылыққа ала отыра мыналарға ниетті:

- сапа менеджменті жүйесінің сол үшін белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету және оның нәтижелілігін үнемі арттырып отыру;

- серіктестік мүдделерін ескере отырып, тұтынушылар қанағаттанушылығын қамтамасыз ету;

- өндіріс шығындарын азайту, ресурстарды үнемді пайдалану.

''

Жаңалықтар

03.10.2023

Бельгияда фотоэлектрлерге арналған теңіз платформасы әзірленді

Бельгиялық серіктестер Tractebel, DEME және Jan De Nul Seavolt теңіздегі қалқымалы фотоэлектрлік платформасын ашып, патент алуға өтініш берді. Демонстрант Бельгияның Солтүстік теңізінде 2023 жылдың жазында ұшырылады.