Біздің өнім

«Kazakhstan Solar Solutions» ЖШС мультикристалды кремнийге негізделген және әрі қарай күн модульдеріне (сондай-ақ «күн батареялары» ретінде белгілі) құрастыруға арналған фотоэлектрлі ұяшықтар өндіреді.  Шикізат ретінде мультикристалды кремнийді пайдалану бізге ақырғы өнімнің ұзақ уақыт пайдаланылуын азайтпай, баға мен өнім тиімділігі (ПӘК) арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні біз пайдаланып отырған технологиялар өзін-өзі ақтаған және әлемдік фотоэлектрлі өнеркәсіпте көбірек таралған болып табылады.

Содан кейін күн сәулелі кремний сортынан дайындалған көлемі 156 х 156 мм-лік мультикристалды кремний пластиналар өндіріледі. Кремний пластиналар әрі қарай фотоэлектрлі ұяшықтар өндірудің негізі болып табылады және оның әрі қарай ПӘК жоғары өнім алуға қуаты толық. Пластиналар өндіру үдерісі мультикристалды құймакесек өсіріп шығаруға, әрі қарай оны пластиналарға бөліп кесуге және оларды тазалап, сыныптауға саяды. 

Мультикристалды кремний пластина

  • Өлшемі 156±0,5 мм х 156±0,5 мм
  • Қалыңдығы 200±20 мкм
  • TTV < 40 мкм
  • Кесу іздері ≤ 25 мкм
  • Иілім ≤ 75 мкм
  • Материал – күн сұрыпты кремний (SOG)
  • Өткізгіштік типі – p
  • Үлесті кедергі 1-2,5 Ом.см.
  • Өмірлік уақыты > 3,5 мкс (блокта өлшенеді)

«Kazakhstan Solar Solutions» ЖШС шығаратын соңғы өнім – көрінетін жарықты, инфрақызыл және ультракүлгін сәуле таратуды электр қуатына түрлендіре алатын жартылай өткізгіш диодтың ерекше түрі – фотоэлектрлі ұяшықтар болып табылады. Энергияны түрлендіру күн сәулесінің әсер етуі кезінде біркелкі емес жартылай өткізгіш құрылымдарда туындайтын фотоэлектрлі әсерге негізделген. Өндіріс үрдісінде, негіз (субстрат) ретінде пайдаланылатын мультикристалды кремний пластиналары мәлімденген сипаттамаларға жету және шығындарды азайту үшін, физика-химиялық өңдеудің әр түрлі түрлеріне шалдықтырылады.

Фотоэлектрлі ұяшық 

  • Өлшемі 156±0,5 мм х 156±0,5 мм
  • Қалыңдығы 200±20 мкм
  • Беткі жағы:

- Қою көк түсті, кремний нитридінің шағылысуға қарсы жабыны

- Ені 1,5 мм (шиналар арасындағы қашықтық 52 мм) 3 күміс байланыс шиналары

- 85 күміс ток жинайтын байланыстар

  • Сыртқы жағы:

- Жұқа алюминий қабатты тұтас жабын

- Ені 2,8 мм 3 үзікті байланыс шиналары 

Электрлі сипаттамалар 

Макс. қуаттылығы

(Вту.м.*)

ПӘК

(%)

Бос жүріс кернеуі, (В)

Қысқа тұйықталу тогы, (A)

Параллель кедергі, (Ом)

Ретті кедергі, (мОм)

Толу коэффициенті, (%)

4.23

17.4

0.621

8.66

> 10

< 15

> 72

4.19

17.2

0.620

8.63

> 10

< 15

> 72

4.14

17

0.619

8.57

> 10

< 15

> 72

4.09

16.8

0.617

8.51

> 10

< 15

> 72

4.04

16.6

0.614

8.45

> 10

< 15

> 72

3.99

16.4

0.611

8.41

> 10

< 15

> 72

3.94

16.2

0.610

8.37

> 10

< 15

> 72

3.89

16

0.608

8.32

> 10

< 15

> 72

3.85

15.8

0.607

8.28

> 10

< 15

> 72

* STC тестілеудің стандартты жағдайларындағы мәліметтер: 1000Вт/м2, 25°C, AM1.5G (IEC 60904-3 ред. 1), макс. қуаттылық ± 1,5% отн., ПӘК: ± 0,2% абс.


 

 

''

Жаңалықтар

12.02.2024

Қазіргі уақытта әлемдегі ең үлкен қалқымалы электр қуатын өндіру қондырғысы

Орналасқан жері: Аньхой провинциясы, Қытай. Компания: Sungrow Power Supply. Қуаты: 40 МВт.