Тендер өткізу жөнінде хабарландыру


04.10.2017 ж.

                     Аудиторлық ұйым таңдау рәсімін өткізу туралы хабарландыру

          070017, Өскемен қ., Согринская к-сі, 223/6 мекенжайында орналасқан, e-mail: mail@kazsolarsilicon.kz, «Kazakhstan Solar Silicon» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС-нің 2017 жылғы қаржылық есебіне аудит өткізуге аудиторлық ұйым таңдау рәсімінің өткізілетіндігін хабарлайды.

          Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі, көлемі, мерзімдері мен қызмет көрсетілетін орын таңдау рәсіміне қатысуға берілген Сұранымда көрсетілген. Таңдау рәсіміне қатысуға берілген Сұраным көшірмесін мына мекенжайдан алуға болады: Қазақстан Республикасы, 070017, Өскемен қ., Согринская к-сі, 223/6, «Kazakhstan Solar Silicon» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, № 303 кабинет, сағат 8:30-дан 17:00-ге дейін (демалыстан басқа күндері). Таңдау рәсіміне қатысуға тілек білдірген аудиторлық ұйым өкілінің аудиторлық ұйым таңдау рәсіміне қатысуға өтінім беруге құқық беретін сенімхат және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі болуға тиіс.

            Конверттерге салынып, желімделген аудиторлық ұйым таңдау рәсіміне қатысу ұсыныстары Қазақстан Республикасы, 070017, Өскемен қ., Согринская к-сі, 223/6, № 303 кабинет мекенжайы бойынша «Kazakhstan Solar Silicon» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне беріледі (жолданады). Аудиторлық ұйым таңдау рәсіміне қатысуға өтінімді қолма-қол берген кезде аудиторлық ұйым өкілінің аудиторлық ұйым таңдау рәсіміне қатысуға өтінім беруге құқық беретін сенімхат және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі болуға тиіс.

          Таңдау рәсіміне қатысуға өтінімдер берудің ақырғы мерзімі – 2017 жылғы 05 қараша сағат 10.00-ге дейін.

          Аудиторлық ұйым таңдау рәсіміне қатысуға ұсыныстар салынған конверттер 2017 жылғы 07 қараша сағат 10.30-да Қазақстан Республикасы, 070017, Өскемен қ., Согринская к-сі, 223/6, № 303 кабинет мекенжайында, «Kazakhstan Solar Silicon» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ашылатын болады.

          Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы білуге болады: (7232) 204150, e-mail: mail@kazsolarsilicon.kz.


 

 

Жаңалықтар

03.07.2015

«Astana Solar» ЖШС

Қазақстандық кремний негізінде фотоэлектрлі модульдер өндіру және оның қолданылуы