Біздің тарихымыз

"Kazakhstan Solar Silicon"  – жас, тез дамып келе жатқан компания. Негізгі жұмыс саласы –қазақстандық кремний негізінде фотоэлектрлі ұяшықтар өндіру. Фотоэлектрлі ұяшықтар күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын "күн" модульдерін құрастыруға арналған негізгі элемент болып табылады.

2010 жылғы қазан айында Қазақстан Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Францияға барған сапары кезінде KAZPV. Жобасы басталды. Қазақстанда кварц шикізатын өндіруден бастап, дайын күн модульдерін, оның ішінде аталған модульдерден күн стансаларын өндіруге дейінгі бүтін бір өндірістік тізбекті қамтитын тік-интеграцияланған жобаны жүзеге асыруға шешім қабылданды.

Францияның индустриялдық компаниялары Қазақстан Республикасына технология трансфертін, жабдықтар мен білім мүмкіндіктерін ұйымдастыруға ұсыныс жасады. Олар консорциумға бірігіп, бұл іске мемлекет басшысы KAZPV жобасын жүзеге асыруды тапсырған «Казатомпром» ҰАК» АҚ-ның әріптестері ретінде қатысатын болды.

«Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС осы жобаның фотоэлектрлі пластиналар шығаруға жауапты негізгі буыны болып табылады.

2013 жылы были негізгі және көмекші жабдықтарды жеткізу, құрастыру және іске қосу-реттеу жұмыстары атқарылды.

2014 жылы технологиялық желілердің барлық элементтері алдын ала сынақтан сәтті өткізілді және қазіргі кезде «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС соңғы қабылдау сынақтарының белсенді фазасына жетті, оларды өткізген кезде енгізілген технологияның өнімділігі мен тиімділігі көрсетілетін болады.

Жаңалықтар

03.07.2015

«Astana Solar» ЖШС

Қазақстандық кремний негізінде фотоэлектрлі модульдер өндіру және оның қолданылуы